Танымал актер неге бір ай өтпей жатып ажырасып кеткенін айтты

Танымал актер неге бір ай өтпей жатып ажырасып кеткенін айтты
Фото: TALK LIKE YouTube-арнасынан алынған кадр

Актер Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембекпен бір ай ішінде айырылысып кеткенін айтты. Ол бұл туралы TALK LIKE бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, олар екі жыл бірге тұрған. Алайда үйленген соң бір айдан кейін жолдары екіге айырылған.

"Мөлдірді сүйдім, әрине, сүйдім. Ол адаммен екі жыл тұрдым. Мен ол кездері анамнан дұрыс сепарация (бөліну - еск.) жасаған жоқпын, анаммен дұрыс жұмыс істемедім. Мөлдірмен дұрыс әңгіме айтқан жоқпын. Бізде қыдыру, махаббат, құмарлық болды. Бірақ тұрмысты да көрдік, екі жыл бір пәтерде тұрдық. Карантин кезінде күнде бір-бірімізді көрдік. Анам жібергісі келмеді, Мөлдір көргісі келген жоқ. Мөлдір біраз жаман жағымды көрді. Мөлдірге мың да бір рақмет. Ол мені махаббатқа үйретті. Қыздарға деген көзқарасты өзгертті. Ол маған қамқорлық көрсетті. Жаман нәрселер де болды, тұрмыс болған соң. Мүмкін ол да "жаман нәрсесі үйленгеннен кейін көбейіп кете ме, үйлену емес, түрмеге отырып кетемін бе" деп қорқып қалған шығар. Оның да ойы - әйгілі жұлдыз болу, рэп орындаушы болу. Менен де "киіміңді, образыңды ауыстырасың ба" деген нәрселер кетіп жатты. Басында образын қатты өзгерткім келді. ...Түсінбеушілік пайда болды, әйтеуір сөйлестік. Бірақ анам ондай қызға, ондай образға мүлде дайын болмады. Жүрдік, күшті уақыт болды, ажырастық, ол да керек болды. Қазір Мөлдірге ешқандай шағымым жоқ. Керемет уақыт болды, керемет махаббат болды. Ең бастысы бас аман болсын, өмір жалғасады... Заңды түрде ажырастық", - деді актер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова