Таиландта экс-полицей балабақшаға оқ жаудырды

Таиландта экс-полицей балабақшаға оқ жаудырды
Фото: minval.az

Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балабақшаға оқ жаудырды, - деп хабарлайды minval.az. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам Нонгбуа Лампху провинциясындағы білім беру мекемесіне келген. Ол сол кезде ұйықтап жатқан балаларға оқ жаудырған. Алғашқы дерек бойынша 26 адам қаза болды (кейінгі дерек бойынша зардап шеккендер саны - 32), оның ішінде балалар мен тәрбиешілер бар. 34 жастағы ер адам оқиға орнынан қашып үлгерген.

Кейін қылмыскердің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек