6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © elements.envato.com

4 қазанда Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оның екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 18 метр болады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус аяз күтіледі.

Ақтөбеде түнде 1-3 градус аяз күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова