Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ресми хабарланды

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ұлыбританиялық Дэнзел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, алғаш рет WBO титулын қорғайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар 12 қарашада Лас-Вегаста Palms Casino Resort аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.

Еске салайық, 29 жастағы Әлімханұлы - орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұрын бұл титулды иеленген америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) екінші орта салмаққа көтеріліп, Жәнібекпен жекпе-жек өткізуден бас тартқан соң бұл белбеу қазақстандық боксшыға өткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш