Ресейлік телеарна Головкин жекпе-жегін Мәскеуде ұйымдастырғысы келеді

Ресейлік телеарна Головкин жекпе-жегін Мәскеуде ұйымдастырғысы келеді
Фото: Tengrinews.kz

Ресейлік промоутер Владимир Хрюнов "РЕН ТВ" телеарнасының WBA және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин үшін жекпе-жек ұйымдастыру жоспарында бар екенін айтты, - деп хабарлайды MMA.Metaratings.

"Мен үшін Головкиннің әр жекпе-жегі - оқиға. Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Бұл елде көп адам Головкинді рингте көздің қиығымен көру үшін барын салады. Оның Эрисланди Ларамен жекпе-жегі қызық болатын сияқты. Одан кейін де Геннадийдің мансабы жалғасады деп үміттенемін. "РЕН-ТВ" арнасында Головкиннің Мәскеудегі жекпе-жегі жоспарланып отыр", - деді Владимир Хрюнов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек