Италия елшілігі азаматтарын Ресейден дереу кетуге шақырды

Италия елшілігі азаматтарын Ресейден дереу кетуге шақырды

Италия елшілігі азаматтарына Ресейден дереу кетуге кеңес берді, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.

"Халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларға және Ресеймен әуе және жол қатынасындағы қиындықтардың күшеюіне байланысты Ресей Федерациясындағы отандастарға елден кетуге кеңес беріледі", - делінген Италия елшілігінің хабарламасында.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте АҚШ елшілігі де өз отандастарын Ресейге бармауға, ал онда тұратын немесе Ресейде жүргендерді кетуге шақырған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова