Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ММА әлеміндегі танымал инсайдер, нидерландылық Eurosport журналисі Марсель Дорфтың мәліметінше, Исмағұлов ресейлік Арман Царукянмен кездеседі. Жекпе-жек 17 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC Fight Night аясында өтеді.

Царукян Исмағұловтың топ-10 тізімдегі алғашқы қарсыласы болады. Ресейлік файтер бүгінде рейтингте 10-орында тұр. Ол кейінгі жекпе-жегінде поляк Матеуш Гамроттан жеңіліп қалған. Исмағұловтың да, Царукянның да менеджері - қазақстандық Саят Әбдірахманов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш