Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ ақау шығып, шұғыл қонды

Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақ ақау шығып, шұғыл қонды

Мәскеу-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар ұшағы тежеу ​​жүйесіндегі техникалық ақау туралы сигналдан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды РЕН.ТВ телеарнасы.

"Мәскеу-Алматы рейсі ұшу барысында оң жақ тежеу ​​жүйесінің істен шыққаны туралы хабарламаға байланысты Шереметьево әуежайына оралды", - делінген хабарламада.

Телеарна мәліметінше, ұшақтың қонуы қалыпты режимде өткен, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова