"Зор жетістік". Тоқаев Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады

"Зор жетістік". Тоқаев Қазақстан құрамасының футболшыларын құттықтады
Фото: vesti.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!", - деп жазды Тоқаев. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алғанын жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш