Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина