БҚО-да ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

БҚО-да ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

Оралда ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Басылым мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте болған.

"Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі ер адам ішімдік ішіп отырған. Отырыс кезінде олардың арасында жанжал туындап, 37 жастағы ер азамат қолына үшкір зат алып, 38 жастағы азаматтың денесіне зақым келтірген. Екеуара жанжалдың соңы өлімге әкеп соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова