Жаңбыр және үсік. Бүгін ауа райы қандай болады?

Жаңбыр және үсік. Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова