Күніне қанша мөлшерде қант тұтынуға болады?

Күніне қанша мөлшерде қант тұтынуға болады?
Фото: elements.envato.com

Адам тәулігіне 25-50 грамнан артық қант жемегені дұрыс. Бұл туралы эндокринолог Наталья Фадихан "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Дәрігер "норма" ұғымы шартты екенін айтты. Мысалы, калорияны тез жұмсайтын балаларға пайдалы тәттілер беруге болады, ал олар есейген сайын қантты тұтыну мөлшерін азайту керек.

"Қарапайым көмірсулар сіңіп, қандағы глюкоза деңгейін тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін күрделі көмірсулармен алмастырылуы керек", - деп түсіндірді Фадихан.

Оның айтуынша, адам тәулігіне 50 грамнан артық қант тұтынбаған абзал. Адам салауатты өмір салтын ұстанбаса, онда оның қант мөлшері үш есе аз болуы керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова