Головкин мен Димаштың кездесуінің видеосы жарияланды

Головкин мен Димаштың кездесуінің видеосы жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Желіде Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергеннің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны қазақстандық боксшының өкілі Жанар Өтешева жариялады. Кадрлардан Димаш Головкинмен амандасып жатқанын көруге болады.   

Димаш Құдайберген бүгін Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегі алдында Қазақстан Әнұранын орындаған. Одан кейін ол трибунада тілек айтып тұрған сәтінің видеосы тараған еді. 

Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын

Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.

Тоқаев Головкинге телефон шалды.

Артынша Головкин Канелодан жеңілісінің себебін түсіндірген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш