Мария Агапова UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізді

Мария Агапова UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізді
Фото: ©Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Мария Агапова (10-3) UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) UFC Vegas 60 турнирі аясында Агапова канадалық Джиллиана Робертсонмен (10-7) кездесті.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды - Робертсон қылқындыру әдісімен жеңді.

Еске салайық, 25 жастағы Агапова бұған дейін UFC-де екі рет жеңіп, екі рет жеңілген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш