Әли Ахмедов Головкиннің экс-қарсыласын жеңді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Әли Ахмедов Головкиннің экс-қарсыласын жеңді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында өтті. Боксшылар екінші орта салмақта жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы әр раундта белсенді болды, бірақ қарсыласын нокаутқа түсіре алмады. Сондықтан кездесу 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Ахмедов екінші орта салмақтағы WBC Silver мен IBF Солтүстік Америка чемпионы белбеуін иеленді. Ол карьерасында 19-жеңісіне қол жеткізіп отыр, бір мәрте жеңіліп қалған. 

Ал Росадо 16-рет жеңіліп отыр, одан бөлек еншісінде 26 жеңіс пен бір тең нәтиже бар. Росадо 2013 жылы Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш