Головкин Канеломен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша гонорар алатыны айтылды

Головкин Канеломен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша гонорар алатыны айтылды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Elfinanciero басылымы алдағы трилогияның қорытындысы бойынша Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің гонорарларын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Дереккөз мәліметінше, оларға жекпе-жек нәтижесіне қарамастан Matchroom Boxing промоутерлік компаниясымен арадағы келіссөз арқасында рингке шыққаны үшін миллиондаған гонорарға кепілдік берілген.

Геннадий Головкин 8 миллион доллар табады және PPV, басқа да қосымша кірістер есебінен жалпы 45 миллион долларға дейін алады.

Альварес GGG-мен жекпе-жек үшін 65 миллион долларға дейін алады, 10 миллионы - негізгі төлемі, ал қалғаны - хабар тарату құқығы, ақылы көрсетілім (PPV) және демеушілік.

Айта кетейік, бірінші жекпе-жекте Канело 40 миллион, ал Головкин 22 миллион табыс тапқан болатын. Екінші жекпе-жекте екеуі де 30 миллион табыс тапқан.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Олар бұған дейін де жекпе-жекке шыққан еді. 2017 жылы тең ойын болса, ал 2018 жылы мексикалық жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова