Демалыс күндерінде ауа райы қандай болады?

Демалыс күндерінде ауа райы қандай болады?
Фото: еlements.envato.com

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Алдағы үш күнде бірқатар өңірде жаңбыр жауады. Түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, бұрқасын) күтіледі. Тек республиканың солтүстігі, орталығы және шығысы әлі де солтүстік-батыс ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды, түнде 5 градусқа дейін аяз күтеледі", - делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасына келетін болсақ, еліміздің оңтүстігінде 35 градус, солтүстікте, шығыста, орталықта 15-25 градусқа дейін ыстық болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова