Жамбыл облысында 8 адам атыс шығармақ болған

Жамбыл облысында 8 адам атыс шығармақ болған

Жамбыл облысында 8 адам атыс шығармақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақ болған.

Басылым мәліметі бойынша, оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді. Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екені анықталды.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина