"Бұты не мынаның?" Дариға Бадықова киімін сынағандарға жауап берді

"Бұты не мынаның?" Дариға Бадықова киімін сынағандарға жауап берді
Фото: Instagram

Белгілі актриса Дариға Бадықова Instagram-парақшасында киімін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мына сұлтанкамды жұрт "не киіп алғансың? Бұты не мынаның?" деген екен. Әдемі, өзгеше. Бұл да стиль. Несі жаман, жабысып тұрмайды. Артық ештеңе көрінбейді. Кейбір жамбасы үлкен қыздар жабыстырып, қазақи қойдың құйрығындай іркілдетіп киіп алады. Одан қала берсе, жабыстырып көйлек киеді, алмаға түсетін құрт сияқты. Одан қала берсе, қуықтары құмғандай болып тұрады. Қысқасы, жарасатын киім киген дұрыс", - деді ол Желіде. 

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова "Келінжан" сериалының төртінші маусымы туралы айтқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова