Головкин Альвареспен жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты

Головкин Альвареспен жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жектен кейін не істейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық боксшыға "Канеломен айқас оның карьерасындағы соңғы жекпе-жек пе" деген сұрақ қойылған.

"Олай демес едім. Менің әлі жоспарларым көп. Менің туған елім бар, Қазақстанда жекпе-жек өткізу керекпін деп ойлаймын. 

Бір жағынан, біраз уақыттан бері, пандемия басталғалы зейнеттемін. Ал екінші жағынан менде бокс әлеміне деген әлі жоспарларым бар", - деп береді Головкиннің сөзін boxingscene.com

Еске салайық, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 18 қыркүйекте өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бұған дейін олардың жекпе-жегінің біріншісі даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ, Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова