Батыр образындағы Тоқаев: шымкенттік сценарист Президентті ерекше бейнеледі

Батыр образындағы Тоқаев: шымкенттік сценарист Президентті ерекше бейнеледі

Шымкенттік комикс сценарисі Даниял Бек-Ата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты батыр образында салды, - деп хабарлайды "Отырар". 

Даниялдың сөзінше, бұл Президентті қолдауға арналған туындылардың бірі. 

"Азаматтық көзқарасымды, оның реформалары мен жаңа Қазақстанға деген сенімімді көрсеткім келді. Қазір Президентке қолдау білдіретін кезең деп ойлаймын", - дейді Даниял. 

24 жастағы Даниял түрлі комикске сценарий жазумен айналысады. Ол Англияда кино және теледидар мамандығы бойынша жоғары білім алған, бүгінде диссертация жазумен айналысып жатыр. Даниял ешқандай партияның құрамында жоқ екенін, тек Президентті қолдағысы келетінін айтады.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина