Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді

Атырауда жедел жәрдем көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында болған.

"Атырау қаласындағы "Балауса" шағынауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалған. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова