Тони Фергюсон UFC-де қатарынан бесінші рет жеңілді

Тони Фергюсон UFC-де қатарынан бесінші рет жеңілді
Фото: видео кадры

Нейт Диас пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек төртінші раундта аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек бес раундқа есептелген. Төртінші раундта Диас бір қолымен қылқындыру әдісін қолданып, Фергюсон жеңіліс тапты.

Нейт Диас үшін бұл 2019 жылдың тамызынан бергі алғашқы жеңіс, бұған дейін ол қатарынан екі рет жеңілген болатын. Тони Фергюсон болса бесінші рет жеңілді.

видео кадры

Бастапқыда Хамзат Чимаев америкалық Нейт Диаспен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жартылай орта салмақтағы шекті орындамай, UFC басшылығы бірден үш жұпты ауыстыруға мәжбүр болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан