Өз баласын сатқаны үшін сотталған қыз түрмеде тұрмысқа шықты

Өз баласын сатқаны үшін сотталған қыз түрмеде тұрмысқа шықты

Атыраудағы әйелдер түрмесінде сәбиін сатпақ болғаны үшін сотталған қыз сүйіктісімен неке қидырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен жылы 21 жастағы оралдық қыз жүкті болып қалып, босанып, жаңа туған сәбиін сатпақ болады. Оны полиция қызметкерлері ұстап, жеті жылға сотталды.

Сотталған қызды Оралдағы тергеу изоляторынан Атыраудағы әйелдер түрмесіне ауыстырады. Қыз түрмеге түссе де, сүйіктісі оны тастамай, артынан Атырауға іздеп келген. Кейін қыз түрме әкімшілігінен жігіті екеуінің некелерін заңдастыруды сұрап, өтініш жазады.

УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Марта Өтепованың айтуынша, жас жұбайлардың өтініші қанағаттандырылған.

"Мекемеге сотталған қыздың жігіті мен неке қию қызметкері шақырылып, некелерін қидық. Жас жұбайларға бостандықта қауышуларын тілейміз", - дейді Марта Өтепова.

Қалыңдық бостандыққа алты жылдан кейін ғана шығады. Оған дейін жолдасымен ай сайын ғана кездесе алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова