"Бір ғана сұрағым бар". Жәнібек Әлімханұлы "қорқақсың" деген нокаутшыға жауап берді

"Бір ғана сұрағым бар". Жәнібек Әлімханұлы "қорқақсың" деген нокаутшыға жауап берді
Фото: ©twitter.com/qazaqstyle

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) бразилиялық Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) намысқа тиетін сөздеріне бірден жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алдымен, өз командаңмен кеңес. Егер дайын болсаң, мен сені нокаутқа түсіруге әрқашан дайынмын, бір ғана сұрағым бар, менімен айқасудан енді қашпа!", - деп жазыпты Жәнібек. 

Бұған дейін Фалькао Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, оған әлсізсің, қорқақсың деп айтқан еді.  

"Енді қарапайым боксыңнан гөрі көбірек айқасуың керек болады. Сен мұны қалай өткеру керегін білмейсің. Мен саған қарағанда таланттымын. "Қазақ стилі", сен әлсізсің және белбеуден айырылып қаламын деп қорқасың", - деп жазған еді бразилиялық. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш