Күніне қанша шоколад жеуге болады?

Күніне қанша шоколад жеуге болады?
Фото: Pixabay

Егер тәттіге үйір болсаңыз, сіз үшін жағымды жаңалық таптық. Сау және сымбатты болу үшін сүйікті шоколадыңыздан бас тартудың қажеті жоқ. Шын мәнінде, шоколад тіпті пайдалы, бастысы - шегін білу. Гематолог Рамиля Голубенко күніне қанша шоколад жеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Doctorpiter.ru.

Сарапшының сөзінше, күніне 30-50 грамнан артық шоколад жеуге болмайды, бұл денсаулыққа әсер етуі мүмкін. Әдетте бұл шоколадтың үштен бірі немесе жартысы.

Голубенконың айтуынша, шоколадтың барлығын бірден жемей, оны бірнеше бөлікке бөліп жеген дұрыс. Таңғы ас пен кешкі асқа бөліп жеуге тырысыңыз. 

Егер барлығын бірден жесеңіз, не болады? Дәрігерлер қара шоколадтың бір күнге арналған мөлшерінен асып кетуді ұсынбайды. Әрине, егер бір рет ағзаңызда тәтті мөлшері көбейіп кетсе, ештеңе етпейді. Бірақ шоколадты үнемі шамадан тыс жесеңіз, онда салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, семіздік немесе қант диабеті.

Қант диабетіне шалдыққандарға шоколадты ауру бәсеңдегенде ғана жеуге болады, аз мөлшерде және аптасына үш реттен көп жеуге кеңес бермейді. Семіздікке келетін болсақ, салмақтың артуына тағам емес, артық калория әсер ететінін естен шығармауымыз керек.

Гипертонияға ұшыраған науқастар ше? Какао қан қысымын төмендетеді, сондықтан қан қысымы жоғары адамдар қара шоколадты жей алады. Бірақ гипотониядан зардап шегетіндер үшін құрамында какао аз сорттарды таңдаған дұрыс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек