"Итпен сөйлескен" полицей Қазнетте күлкіге қалды

"Итпен сөйлескен" полицей Қазнетте күлкіге қалды

Желіде "ит-мысықпен сөйлескен" алматылық полицейдің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тұрғындармен кездесуі кезінен алынған. Тұрғын нақты қандай сұрақ қойғаны көрсетілмеген, видео әкімнің "РУВД бастығы біле ме?" дегенінен басталады. 

"Бұл жағдай бойынша ескерту берілген. Әкімшілік хаттама толтырылған. Иттермен сөйлесіп... Ит-мысықтарға біраз... ескерту бергенбіз", - дейді полиция формасын киген ер адам. 

Бұған әкім қанағаттанбай, "мынау не жауаптарың?" дейді. 

@sardar_25kz5

♬ оригинальный звук - Sardar

Қазнет қолданушылары полицейдің жауабын күлкіге айналдырған. 

"Дұрыс. Ит-мысықтар қай тілде сөйлесе, сол тілде жауап беру керек", "Мықты ғой біздікілер, өз тілін дұрыс білмесе де, ит-мысықтың тілін біледі", "Менің де итіммен сөйлесіп беріңізші, қаңғыбас болып кетті", "Бәсе, Ақтөс кеше сөйлестік деп жатыр еді", "Итім, саған айтамын, мысығым, сен тыңда", - деп әзілдеген желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш