Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері республиканың солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Сонымен қатар, жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді деп болжанып отыр. Ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ауа температурасы республиканың қиыр батысында күндіз +33+38 градустан +23+31 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында +31+38 градустан +25+35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, елдің солтүстігінде термометр бағаны +30+35 градус белгісіне жетеді, республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30+38 градусқа дейін, шығыста +27+38 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова