31 тамызға арналған ауа райы болжамы

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттың өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова