Шешесі той үстінде қызының орамалын жұлып алғысы келді

Шешесі той үстінде қызының орамалын жұлып алғысы келді

Желіде той үстінде қызының орамалын шешкісі келіп, оған қол көтерген ананың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан жаңа тұрмысқа шығып жатқан қыз басына хиджабқа тән орамал тағып алғанын, оны көріп ашуланған ананың қызын ұрып жатқанын көруге болады.

"Ұят. Қыздың өз таңдауы бар емес пе? Анасының мына қылығы сұмдық екен", "Келісіп алу керек еді. Ел-жұрттың алдында масқара болып бет жыртысып, тартысқандары жарамапты", "Қыздың таңдауы орамал болса сыйлауы қажет!", "Анасы қызының ертеңгі күнін уайымдап тұр ғой", "Қыз оранбас бұрын анасынан неге рұқат алмады екен?", - деп жазды Желі қолданушылары.

Г. Досымшалова