Әкесіне бармақ болып, үйінен пойызбен қашып кеткен екі баланың бірі қайтыс болды

Әкесіне бармақ болып, үйінен пойызбен қашып кеткен екі баланың бірі қайтыс болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жүк пойызына шығып әкесіне бармақ болған екі ағайындының бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талас ауданының орталық аудандық ауруханасы 7 жастағы бала қайтыс болғанын растады, ол ауыр жарақат алған.

"Ауруханаға келгенде екі балаға да бас-ми жарақаты, қосарланған жарақат деген диагноз қойылды. Алған жарақаттарынан 2015 жылы туған бала қайтыс болды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр, қазір хирургия бөлімінде жатыр", - дейді Талас ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.

Дәрігерлер басқа ешқандай болжам айтпайды.

Еске салайық, кеше түнде 7 және 9 жастағы екі ұл бала әкесіне бару үшін үйден қашып кеткен. Олар жүк пойызына шығып алған, бірақ пойыз жылдамдығын арттыра бастағанда, қорқып, секіріп кеткен. Оларды полиция тауып, балалар ауруханаға жатқызылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан