Бразилиялық нокаутшы таяуда әлем чемпионы болған Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бразилиялық нокаутшы таяуда әлем чемпионы болған Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Фото: ©ESPN

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазір сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып аламын. Кеттік, чемпион", - деп жазды Фалькао Twitter-де.

Айта кетейік, таяуда ғана Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш