Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 30 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады деп отыр.

"Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстанның батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Температуралық фонға келер болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометрлер 25-35 градусқа дейін, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді", - деп "Қазгидромет" қызметкерлері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш