Атырауда мерекелік концерт кезінде жүзден аса бала жоғалды

Атырауда мерекелік концерт кезінде жүзден аса бала жоғалды
Фото: ATPress.kz

Атырауда полицияға 27 тамызда өткен мерекелік концерт кезінде жоғалған 120 бала жеткізілді, - деп хабарлайды ATPress.kz.

"Атырау полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеді. Сағат 19:00-ден 00:00-ге дейін полицияға, сондай-ақ, алаңда жұмылдырылған топтарға балалардың жоғалғаны туралы 120 хабарлама түсті. Нәтижесінде, 1 сағатқа дейінгі уақыт аралығында барлық бала табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, концерт кезінде жоғалып кеткен 6 баланың ата-анасының ұялы телефондары өшіп қалуына байланысты полицейлер балаларды мекенжай бойынша үйлеріне жеткізгені нақтыланып жатыр. Айта кетейік, концерт кезінде адамдардың қауіпсіздігі үшін алаңда ұялы байланыс өшірілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек