Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК 27, 28 және 29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, республиканың батыс және оңтүстік аудандарында жылы ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағындағы ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетінде үсік жүреді.

"Күндізгі ауа температурасы Қазақстанның батысында +31+39 градус шегінде сақталады, солтүстік-батысында +23+34 градус болады, ауа температурасы елдің солтүстігінде +17+22 градустан +20+25 градусқа дейін көтеріледі, орталықта +23+31 градустан +18+28 градусқа дейін ауытқиды, шығысында +20+30 градустан +13+23 градусқа дейін төмендейді, ауа температурасы республиканың оңтүстігінде +25+37 градус, ал оңтүстік-шығысында +20+32 градус болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек