Атақты YouTube-блогерді оңдырмай сабап тастағандар ұсталды

Атақты YouTube-блогерді оңдырмай сабап тастағандар ұсталды

Белгілі YouTube-блогер Асхат Тамаев Махачкалада соққыға жығылды, күдікті полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Чемпионатқа" сілтеме жасап.

Тамаев "Этажи" сауда орталығының маңында көлігімен жолды бөгеп, қойып кеткен. Нәтижесінде кептеліс пайда болды. Блогер көлікке оралғанда оны бір топ адам күтіп тұрған. Оқиға кезінде Тамаев соққыға жығылған. Оқиғаның видеосы желіде таралды.

Дағыстанның Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. "24 тамызда Ленин полиция бөліміне 17.10-да Махачкаладағы Гамидов даңғылы бойында, сауда орталығының маңындағы тұрақта Махачкаланың 28 жастағы  тұрғыны жанжал кезінде Мәскеудің 21 жастағы тұрғынын ұрғаны туралы хабарлама келді. Полиция күдіктінің тұрған жерін анықтап, тергеу үшін бөлімге жеткізді", - делінген хабарламада.

Блогер кейінірек өзінің Youtube-арнасында қақтығысқа не себеп болғанын егжей-тегжейлі баяндады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай