Тыныс алу арқылы қан қысымы төмендегенін қалай түсінуге болады?

Тыныс алу арқылы қан қысымы төмендегенін қалай түсінуге болады?
Фото: © elements.envato.com

Doctorpiter мамандарының сөзінше, қан қысымы төмендеуі адамға өте қауіпті саналады. Қан қысымы күрт төмендегенін тыныс алу арқылы түсінуге болады, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.

Тонометрдегі көрсеткіштер - ағзаның жай-күйі туралы маңызды нұсқаулықтардың бірі. Қан қысымы көрсеткіштері, яғни жоғары 120-дан 129 миллиметрге дейін және төмен 80-нен 84-ке дейін көрсетсе, бұл жағдайда бәрі қалыпты деген сөз.

Қан қысымы былай бөлінеді:

- жоғары қан қысымы - 130-139/85-89;

- 1-сатыдағы артериялық гипертензия - 140-159 / 90-99;

- 2-сатыдағы артериялық гипертензия - 160-179/100-109;

- 3-сатыдағы артериялық гипертензия - 180/120 жоғары;

- гипертониялық криз - клиникалық симптомдармен қатар жүретін қан қысымының кенет жоғарылауы.

Қан қысымы күрт төмендегенін түсіну үшін тыныс алуға назар аудару керек. Бұл орайда мына өзгерістерді ескеру қажет:

- тыныс алу жиілеп кетсе, әдеттегіден тезірек дем алатыныңызды түсінсеңіз;
- тыныс алу қиындаса, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, әлсіздік пайда болса, барлық назарды тыныс алуға аударғыңыз келсе;
- қаншалық көп дем алсаңыз, соғұрлым басыңыз айналғандай сезім болса.

Денеде оттегі жетіспесе, адам жиі дем алады. Оның басы айналады, жүрек соғысы жиілейді. Кейде тіпті адам есінен танып қалады. Бұл жағдайда дәрігерге мүмкіндігінше тезірек бару керек.

Ж. Қадыржанова