Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жаңа қарсыласы анықталды
Фото: TengriNews.kz

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жаңа қарсыласы анықталды

Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі mmanews.com сайтына сілтеме жасап.

Журналист Ариэль Хельвани MMA Hour-дың шығарылымында UFC жекпе-жегін тағатсыздана күтетінін айтты. Хельвани промоушен Томпсонға немесе Рахмоновқа жекпе-жекке шығу туралы ресми ұсыныс жасағанын нақтыламады.

Жекпе-жектің нақты кестесі әлі анықталған жоқ, бірақ ол 2022 жылдың аяғына жоспарланған болуы мүмкін.

Томпсон былтыр желтоқсанда Белал Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін келесі жекпе-жегін қарастырып жатыр. Ол былтыр Гилберт Бернс пен Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін 2022 жылы жекпе-жекке шыққан жоқ.

С. Бөлек