Сенсация! UFC турниріндегі басты жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды

Сенсация! UFC турниріндегі басты жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды
Фото: ©twitter.com/MMAFighting

Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) UFC турнирінде америкалық жартылай орта салмақтағы чемпион Камару Усман мен ұлыбританиялық Леон Эдвардс арасында жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу бесінші раунда аяқталған. Бұл раундта Эдвардс чемпионды нокаутқа түсірген. 

Еске салайық, 2015 жылғы желтоқсанда бұл спортшылар бірінші рет кездескен еді. Усман осы кездесуде Эдвардсты төрешілер шешімі бойынша жеңген болатын.

Ж. Қадыржанова