Атырауда "жоқ" балалар үшін бюджеттен қаржы алып келген спорт үйірмелері анықталды

Атырауда "жоқ" балалар үшін бюджеттен қаржы алып келген спорт үйірмелері анықталды

Атырауда "жоқ" балалар үшін бюджеттен қаржы алып келген спорт үйірмелері анықталды, - деп хабарлайды Аstanatv.kz.

Телеарна мәліметінше, кәсіпкерлер үйірмеге қатыспайтын 44 баланы тізімге енгізіп, қазынаның 400 мың теңгесін заңсыз иемденген. Одан бөлек,  саз мектептері жалақыларын көтеру мақсатында ақылы үйірменің бағасын заңсыз өсіріп жіберген.  Айласын асырмақ болғандар прокурорлық талдау барысында анықталған.

Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Кәкиевтің айтуынша, тексеру кезінде ата-аналардың айғақтары бойынша балалардың мүлдем спорт үйірмелеріне бармағаны дәлелденді.

"Бұл бойынша қадағалау акт енгізілді. Мемлекетке келтірілген залал толықтай өндірілді. Саз мектептерінің бағасы 10 пайызға төмендетілді", - деді прокурор.

Қадағалау органы бұған қоса 2700 баланың құқығы қорғалғанын мәлім етті.

Г. Досымшалова