"Тоқтауы керек". Сарапшы Қанат Исламға қатысты ащы шындықты айтты

"Тоқтауы керек". Сарапшы Қанат Исламға қатысты ащы шындықты айтты
Фото: ©Qazaq Promotion

Карьерасындағы бірінші жеңілістен кейін Қанат Исламның (28-1, 22 КО) рингке оралуы - уақытты бекер жоғалту. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.

"Қанат Ислам - жасы келген боксшы. Ол рейтингтің жоғары шектеріне жеткенше белсенді болды. Одан кейінгі ең маңызды сәтте тоқтап қалды. Ол өспей қалды және қарқынын жоғалтты. Ал кейінгі айқасындағы жеңіліс бір белгі. Оның тоқтауы керек. 

Қанатқа бір-екі жекпе-жек өткізіп, статистикасын жақсартып, жанкүйерлерін қуанту керек шығар. Алайда титул үшін үлкен айқастарды ұмытуына болады. Ол мүмкіндігін жіберіп қойды. Енді промоутер немесе бапкерлікті байқап көруге болар", - дейді МакКаферри.

Е. Төлеш