Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы болады, 18 тамызда ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады", -делінген хабарламада.

Республика бойынша ауа температурасы төмендейді:

- батыста түнде + 15+28 градус, күндіз +30+40 градус,
- солтүстік-батыста түнде +3+12 градус, күндіз +15+25 градус,
- солтүстікте түнде +2+7 градус, күндіз +12+17 градус,
- орталықта түнде +3+12 градус, күндіз +13+23 градус,
- шығыста түнде +2+11 градус, күндіз +12+20 градус,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10+18 градус,
- таулы аудандарда + 3+8 градус.

Ж. Қадыржанова