Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады

Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, Жетісу облысында да ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Г. Досымшалова