Legoland саябағында аттракциондар соқтығысып, 31 адам зардап шекті

Legoland саябағында аттракциондар соқтығысып, 31 адам зардап шекті
Фото: Иллюстрация: pixabay

Германияның Гинсберг қаласындағы Legoland ойын-сауық саябағында екі пойыз соқтығысты. Апат салдарынан 31 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Sky News басылымы.

Басылым мәліметінше, 31 адамның 15-і ауруханаға жеткізілді, біреуінің жарақаты ауыр.

Fire Dragon аттракционындағы бір пойыз күрт тоқтағанда, екіншісі келіп соқтығысқан. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің үш тікұшағы мен қызметкерлері жіберілді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Г. Досымшалова