"Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал". Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал". Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Елдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман, оңтүстікте түнде және таңертең шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында және Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Г. Досымшалова