Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Болжам бойынша, солтүстік антициклон сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша, алдағы тәулікте құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.

"Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жауады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр. Күн күркіреп, бұршақ жаууы және қатты жел соғуы мүмкін" - делінген хабарламада.

 Ауа температурасы:

- күндіз батыста +30 +38 градус,
- солтүстік-батыста +27 +35 градус,
- солтүстікте +18 +25 градус,
- орталықта +17 +28 градус,
- шығыста +18 +30 градус,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33 градус шегінде,
- таулы аудандарда 13 +20 градус.

Ж. Қадыржанова