Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, 8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр болады.

Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр болады.

Павлодар облысыңда түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Нұр-Сұлтан қаласында да жауын жауып, күн күркірейді.

Г. Досымшалова