Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 5 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен орталықта және оңтүстіктің таулы аймақтарында күн күркіреп қатты жаңбыр жауып, жел соғады. Тек Қазақстан Республикасының солтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстікте, шығыста, Қарағандының орталығында, күндіз Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, Абай облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Г. Досымшалова