Ыстық, жаңбыр және тұман: 4 тамызда ауа райы қандай болады?

Ыстық, жаңбыр және тұман: 4 тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 4 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Оңтүстікте, шығыста, орталықта және таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, екпінді жел, оңтүстіктің таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында - тұман", - делінген хабарламада.

Тек республиканың батысында, солтүстігінде антициклонның екпіні бар, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жамбылдың таулы аймақтарында, күндіз Жетісу облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі. Қызылорданың басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +24+26 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20 градус, күндіз +28+30 градус.

Шымкентте - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21 градус, күндіз +32+34 градус.

Г. Досымшалова